Жаңбыр және жел: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазгидромет 28, 29 және 30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 28, 29 және 30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Найзағай, нөсер және бұршақ: қай өңірлерде ауа райы бұзылады?

Метеорологтер мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы сақталады. Соның әсерінен жауын-шашынды ауа райы болады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал еліміздің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде нөсер жауын мен бұршақ күтіледі.

Реклама
Реклама

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі. Сондай-ақ желдің күшеюі болжанған, ал елдің оңтүстігінде құмды дауыл болады.

Ауа температурасы қандай болады?

Синоптиктер ауа температурасының айтарлықтай өзгерісін күтпейді. Күндізгі уақытта:

  • батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде +18…+28 градус;
  • орталық пен шығыста +20…+33 градус;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+38 градус күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама