Жаңбыр және қар көшкіні. ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Жаңбыр және қар көшкіні. ТЖД алматылықтарға үндеу жасады Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда нөсер болады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда нөсер болады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, "Қазгидромет" синоптиктері ескерту жасаған.

"Алматы ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 9 наурыздағы ескертуіне сүйене отырып, 10 наурыз бен 12 наурыз аралығында Алматы қаласына іргелес аумақтарда қарқынды қар еруі, еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілетінін, бұл ретте су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматыда 12 наурызда күндіз қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жылымық салдарынан қазір Алматы тауларында жаппай қар көшкіні байқалатыны айтылды. Кейінгі үш күнде ғана өздігінен 14 қар көшкіні жүрген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама