ПОДЕЛИТЬСЯ
09 маусым 2023 | 12:34
Жаңбыр және найзағай: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 10-12 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда 10-12 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ықпалынан қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 10-12 маусымда республиканың солтүстігінде, шығысында, орталық және оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жаңбыр, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.
"Ауа температурасы солтүстікте, шығыста +20-29 дейін, орталықта +20-33, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23-28 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также