Жаңбыр және найзағай: Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазгидромет қазақстандықтарды сейсенбі, 9 қыркүйекте қандай ауа райы күтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет қазақстандықтарды сейсенбі, 9 қыркүйекте қандай ауа райы күтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірқатар өңірде найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін және жел күшейеді. Кейбір облыстарда түнде және таңертең тұман түседі.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы:

Реклама
Реклама

Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +18…+20.

Алматы – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3–8, кейде екпіні 18 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +26…+28.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +29…+31.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +28…+30.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +21…+23.

Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +28…+30.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 5–10 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +20…+22.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 5–10 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +18…+20.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +16…+18.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 9–14, кейде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +26…+28.

Қостанай – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +15…+17.

Қызылорда – ашық. Жел солтүстік-шығыстан 4–9 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +24…+26.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13, күндіз +17…+19.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +15…+17.

Семей – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 7–12, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде +9…+11, күндіз +17…+19.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +27…+29.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 5–10, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +26…+28.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +29…+31.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстіктен 2–7 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +21…+23.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 5–10, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде +9…+11, күндіз +17…+19.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама