ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2023 | 07:39
Жаңбыр және тұман. 29 наурызда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синопиктері 29 наурызда Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман және найзағай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синопиктері 29 наурызда Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман және найзағай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші - 15-20 м/с.
Шымкентте де 29 наурызда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также