ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2020 | 13:45
Жаңбыр жауып, дауыл соғады. Қазақстанның 9 өңірінде ескерту жарияланды
Қазгидромет мәліметінше, еліміздің 9 өңірінде дауыл соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет мәліметінше, еліміздің 9 өңірінде дауыл соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
19-20 қыркүйекте Алматы облысында түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Атырау облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай соғады, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жел күшейеді, кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, күндіз қатты жаңбыр жауады.
Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді.
Түркістан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады.
"ТЖМ тұрғындарды ауа райын бақылап отыруға шақырады. Ескерту хабарламаларға немқұрай қарамаңыз және сақтық шараларын қолданыңыз", - деді ведомство өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также