"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңбыр жауып, күн суытады
Болжамға сәйкес, Мәскеу аудандарынан келетін циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын тудырады.
"Жаңбыр жауады деп болжанып отыр, 23 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі", - деді метеорологтар.
Ауа температурасы
Ауа температурасының төмендеуі болжанады:
- күндіз Қазақстанның батысында 7-17 градус жылыға дейін,
- солтүстікте 13-20 жылыға дейін,
- орталықта 15-23-ке дейін,
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 15-20 жылыға дейін.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың мамырына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мамандардың мәліметінше, жалпы ел бойынша күн әдеттегіден жылы, жауын-шашын әркелкі болады деп болжанған.