ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 шілде 2026 07:52
Жаңбыр, жел және аптап: 8 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады - солтүстікте, орталықта, батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанған. Батыста нөсер жауып, дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Алматы - күн бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел шығыс бағытқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 31-33 градус жылы болады. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел шығыс бағытқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы.
Ақмола облысы - облыстың оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы, облыстың батысы мен оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Көкшетау - күн бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы.
Алматы облысы - түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысы мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, таулы аймақтарда кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Батыстан соққан жел шығыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, таулы аймақтарда 8-13 жылы, күндіз 31-36 градус қатты ыстық, таулы аймақтарда 21-26 градус жылы болады. Қонаев - күн бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел шығыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.
Жетісу облысы - түнде облыстың орталығы мен таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың шығысында 22, таулы аймақтарда 10 градус жылы, күндіз 31-36 градус қатты ыстық, таулы аймақтарда 26 градус жылы. Талдықорған - күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус жылы.
Түркістан облысы - күндіз облыстың таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, таулы аймақтарда 17 градус жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, таулы аймақтарда 32 градус жылы болады. Түркістан - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 38-40 градус қатты ыстық.
Батыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 30-35 градус ыстық болады. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы.
Атырау облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 30-35 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады. Атырау - көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 31-33 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 28-33 градус жылы, облыстың шығысында, орталығында 33-38 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.
Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 30-35 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 38 градус болады. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Температура түнде 18-20 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.
Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы.
Павлодар облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 28-33 градус жылы. Павлодар - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус жылы.
Қарағанды облысы - түнде облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30, облыстың батысында 33 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-23 градус жылы, күндіз 32-37 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде 15-20 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 22, күндіз 28-33, облыстың солтүстігі мен шығысында 24 градус жылы. Өскемен - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.
Абай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысында 13, күндіз 29-34, облыстың батысында 25 градус жылы. Семей - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 23-28 градус жылы, күндіз 36-41 градус ыстық. Қызылорда - ашық. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 24-26 градус жылы, күндіз 38-40 градус ыстық.
Жамбыл облысы - облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 15 градус жылы, күндіз 33-38 градус ыстық, облыстың таулы аудандарында 28 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 35-37 градус жылы.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу