05 желтоқсан 2023 | 09:06

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер елдің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер елдің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада көктайғақ күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күннің соңында облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күннің соңында облыстың батысында, орталығында екпіні 18 м/с.

Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік–батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная