23 наурыз 2019 | 09:48

Жаңбыр, көктайғақ, жел. 23 наурызда ауа райы қандай болады?

Камила Долаева Журналист
© pixabay.com

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, республикамыздың оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Тек оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, республикамыздың оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Тек оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Түркістан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады, сондай-ақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел секундына 20-25 метрге жетеді.

Жамбыл және түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная