13 маусым 2023 | 16:01

Жаңбыр мен жел: синоптиктер Абай облысындағы ауа райы болжамын жариялады

Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 14-16 маусым аралығында Абай облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады және ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 14-16 маусым аралығында Абай облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады және ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 14 маусымда солтүстікте, облыс орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде 5 градус, күндіз 20-20 градус, облыстың солтүстік-батысында 17 градус жылы.

Успен ауылында 14 маусымда көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан екпіні секундына, 9-14 ден 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11 градус, күндіз 20-22 градус жылы.

Реклама
Реклама

15 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 9-14, екпіні секундына 15-20 м/c. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы.

16 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.

Талица ауылында 14 маусымда көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел секундына 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.

15 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10 - 12, күндіз 25-27 градус жылы.

16 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел батысқа ауысады, секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 27-29 градус жылы.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу облысында, солтүстікте, Алматының орталығында, Павлодардың солтүстігінде, Қарағандының оңтүстігінде, Ұлытау орталығында, солтүстігінде, Атыраудың шығысында, Қостанайдың оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram