07 шілде 2021 10:51

Жаңбыр, найзағай, жел. Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8-10 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8-10 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметі бойынша, Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронталдық бөліктер 8-10 шілде аралығында Қазақстанның барлық аумағын қамтып, солтүстік-шығыс бағытқа жылжиды. Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста жаңбыр жауады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады.

"Батыста ауа температурасы түнде +13+23 градусқа дейін, ал күндіз +23+32 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында: түнде + 10+21 градус, күндіз термометр бағаны +20+28 градусты көрсетеді. Елдің орталығы мен шығысында: түнде +13+23 градус, күндіз +25+37 градус, ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі уақытта ауа температурасы +18+25 градус, күндіз +30+42 градус болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram