14 желтоқсан 2019 | 10:01

Жаңбыр шақыру үшін ақша жинаған ауыл әкімі қызметте көтерілді

Азамат Бисембаев. Фото uralskweek.kz сайтынан

Құдайдан жаңбыр тілеу үшін тұрғындардан ақша жинаған ауыл әкімі қызметте көтерілді, - деп хабарлайды "Уральская неделя"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Құдайдан жаңбыр тілеу үшін тұрғындардан ақша жинаған ауыл әкімі қызметте көтерілді, - деп хабарлайды "Уральская неделя"

Басылымның мәлімдеуінше, әңгіме Лубенка ауылдық округінің бұрынғы әкімі Азамат Бисембаев туралы болып отыр. Оған 2011 жылы ауылдастары қоғамдық қаражатты жұмсап тастады деп айып таққан. Қазір ол Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүр, мұны журналистерге аудандық әкімдіктің аппараты растады.

Реклама
Реклама

2011 жылы Азамат Бисембаев БАҚ назарына Лубенка ауылының тұрғыны Ирина Тышенконың шағымынан кейін түскен. Оның айтуынша, ауыл әкімі Азамат Бисембаев сол жылы мамырда тұрғындарға ақша жинап, садақа беруді ұсынған. 

"Әкімнің тапсырмасынан кейін ақша жинай бастадық. Әр үйден 500 теңге, ал жергілікті таксистер мен ауыл шаруашылықтарының басшыларынан 1000 теңгеден жиналды", - дейді Ирина. 

Ақша мамырдың аяғы мен маусымның басында жиналған. Бірақ жаздың үш айында әкім садақа өткізбеген. Тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында жергілікті ақсақалдардың қысымынан соң ауыл әкімі садақа жасауға уәде берген. Уәдесін орындаған - 25 қыркүйекте ауылдағы ғимараттардың бірінде садақа жасаған. 

"Уәде етілген сиырдың орнына екі қой сойылды. Ақша жинағандар тізімін көрсетуді талап еткенімізде, әкім түрлі сылтаумен бас тарта бастады", - дейді жергілікті тұрғын Мұратбек Жолманов. 

Басылым әкімнің пікірін біле алмаған. Ауыл әкімдігінде Бисембаев аудан орталығына кетіп қалғанын айтқан, ал ұялы телефоны сөндірулі болған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная