Жаңбыр, тұман және аптап: шілденің бірінші күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, тұман және аптап: шілденің бірінші күні Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" 1 шілде, сәрсенбіге арналған қалалардағы ауа райы болжамын ұсынды. Елдің солтүстік, батыс және шығыс бөлігінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғады деп күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 35 градусқа дейін аптап сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" 1 шілде, сәрсенбіге арналған қалалардағы ауа райы болжамын ұсынды. Елдің солтүстік, батыс және шығыс бөлігінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғады деп күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 35 градусқа дейін аптап сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана - көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Жарнама
Жарнама

Алматы - көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде нөсер жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап.

Түркістан - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап.

Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, кей уақытта шаңды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 28-30 градусқа дейін аптап.

Талдықорған - көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап.

Қызылорда - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін аптап.

Тараз - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап.

Ақтау - көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Атырау - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Орал - бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Ақтөбе - көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Қарағанды - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Қостанай - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Көкшетау - көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 9-14, күндіз секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Павлодар - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап.

Семей - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап.

Өскемен - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап.

Бұған дейін синоптиктер сәрсенбіге бүкіл Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын, толығырақ мына жерден оқи аласыздар материалда.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама