Жаңбыр, үсік. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" синоптиктері 13-15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Осы кезеңде бірнеше облыста аяз күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 13-15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Осы кезеңде бірнеше облыста аяз күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында нөсерлі жаңбыр болады.

14 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарын қоспағанда, бүкіл елде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Аталған өңірлерде жаңбыр жауады.

Реклама
Реклама

15 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта 1 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша кей жерлерде жел екпіні күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама