Жаңбырдан кейін Алматы көшелерін су басты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Жаңбырдан кейін Алматы көшелерін су басты Видеодан алынған кадр

Алматыда толассыз жауған жауын салдарынан көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын су басты. Су басқан көшелердің видео, суреттерін әлеуметтік желі қолданушылары бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 сәуір күні таңертең қалада нөсер жаңбыр басталды. Жаңбыр бірнеше сағат бойы тоқтамады. Толассыз жауған жауынның салдарынан қала көшелерінде жаңбыр суы жиналып қалды.

Жарнама
Жарнама

Алматының жоғарғы жағындағы жаңбыр суы қала тұрғындарына қолайсыздық әкелді. Бір-екі сағаттан кейін су тасқыны қаланың төменгі бөлігіне көшті.

Синоптиктер Алматыда дауылды ескерту жариялады. Олардың айтуынша, 25 сәуірде қалада қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, найзағайдың екпіні секундына 15 метр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама