Жанжал, полиция: Алматыдағы балалар үйінен балаларды көшіру қалай жүріп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

21 шілдеде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру соңы жанжалға ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 шілдеде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру соңы жанжалға ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсенбіде таңертең балалар үйінің қақпасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын автобусқа отырғызу үшін көліктер келді. Алайда балалар үйінің кей тәрбиеленушілері автобустардың жолын бөгеп, алдына тұрып алды.

Оқиғаға полиция араласып, видеоға қарағанда, балалармен дөрекі қарым-қатынас жасаған. Кадрларда балалар үйінің тәрбиеленушілері оларды ұстамауды өтініп, жанжал шығарғаны көрінеді.

Реклама
Реклама

"Бағанашылдың" 18 жастағы тәрбиеленушісі оқиға туралы айтып берді:

"Бүгін таңертең білім басқармасынан адамдар келіп, қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан балаларды әкететіндерін айтты. Бұған дейін олар тек бірінші қабаттағы кіші топты, мектепке дейінгілерді әкетеді деген еді. Ақыры олар келді, оларды жібергіміз келмеді, себебі бұл — біздің үйіміз, қарындастарымыз, бауырларымыз, туғандарымыз бен жақындарымыз. Келді, күштеп кірді, бір автобус келеді, ең көбі 20 баланы алып кетеді деп өтірік айтты. Бірақ соңында олар ішке кіріп, полиция шақырды. Біз олардың кетуіне жол бермей, сол жерде тұрдық. Біз: "Бәрі Қонаевқа барғысы келе ме?" деп сұрадық. Көпшілігін "иә" деуге мәжбүрледі, көбісі барғысы келмеді... Полицейлер бізді автобустан итеріп, күш көрсете бастады. Кейбір адамдардың қан қысымы көтерілді, мен сияқты. Полицейлер кәмелетке толмағандарға зиянын тигізіп, заңсыз әрекет жасады", - деді жігіт.

Жалпы дүрбелең салдарынан тәрбиеленушілердің бірі есінен танып қалған. Тағы бір бала полицейлердің қолынан сытылып шығуға тырысқанда, жарақат алған.

"Хаос болды. Бір баланы көтеріпғ итеріп жібергенде қолын жарақаттап алды", – деді Tengrinews.kz тілшісіне балалар үйінің тәрбиешісі Надежда Лобазанова.

Tengrinews.kz тілшісі балаларға қатысты полиция қызметкерлерінің әрекеті туралы пікір алуға Алматы Полиция департаментіне ресми сұрау жолдады.

Лобазанованың айтуынша, бұған дейін балалар үйінің 43 тәрбиеленушісі Қонаевтағы жаңа орталыққа көшіп кеткен. Алматыдағы бұл мемлекеттік мекемеде әлі 140 бала қалған, соның ішінде сәбилер бар.

Тәрбиеленушілердің айтуынша, олар Алматыдан көшкілері келмейді.

Фото: Тengrinews.kz©

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі балалардың Алматыдан Қонаевтағы жаңа жайлы орталыққа көшіп жатқанын хабарлады.

"Алматыдағы балалар үйінің апатты ғимаратынан балалар жаңа үйге, Қонаевтағы заманауи әрі қауіпсіз ғимаратқа қоныс аударып жатыр. Бұл өскелең ұрпақтың өмір сүруі мен дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі көптеген баланың көшкісі келетінін айтты.

"Тек кейбіреулері, шамамен 8-10 бала, негізінен ересек балалар көшуге қарсы", – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйі төңірегіндегі жағдайға түсініктеме берген болатын. Жергілікті атқарушы органның мәліметінше, балалар үйі ғимаратының апатты жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Алматыдан Қонаевқа көшіру туралы шешім қабылданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама