03 маусым 2020 | 09:56

Жануарларды қорғаушылар қорлық көрген иттің жағдайын айтты

Фото: facebook.com/groups/help.animals.atyrau

Help_animals_atyrau_Доброе Сердце қорының мүшелері Атырау облысының тұрғыны тоңазытқыштың есігімен қылғындырған итті қалай тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Help_animals_atyrau_Доброе Сердце қорының мүшелері Атырау облысының тұрғыны тоңазытқыштың есігімен қылғындырған итті қалай тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ит азаптаулардан кейін өзен жағасындағы бұтақтардың арасына жасырыныпты. Ол иесінің маңында болған. Полицияның хабарлауынша, видеоны түсірген адам көліктен шығып, итті қылғындырған тұрғынды итеріп жіберген. Осылайша ит аман қалған. 

Реклама
Реклама

Жануарларды қорғаушылардың айтуынша, полиция мен мал дәрігері итті 2 рет сараптамадан өткізген.

"Көз қарашығының реакциясы баяулаған. Бұл қылғындыру салдарынан оттегінің жетіспеуін білдіреді. Оның қалай жолы болғанын біз білмейміз. Қазір ол өзін жақсы сезінеді. Ол өте ұялшақ, қатты күйзеліске ұшыраған. Алайда басынан өткізген ауыр жағдайға қарамастан адамдарға деген сенім әлі де бар. Ол өте әдемі және ақкөңіл ит. Оны "Лаки" деп атайтын болдық", - деп жазды жануарларды қорғаушылар Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, олар Атырау облысының тұрғыны Марғұлан Жұматаев өзі қылғындырған ит үйінде екенін айтып, бәрін алдауға тырысқанын айтады. Оның сөзін тексеру үшін үйіне ерікті жіберілген. Ол үйдегі итті алып тексерген. Алайда ол басқа ит екені анықталды. Ол үйдің аумағында байлаулы тұрған және одан жарақат іздері табылмаған.

Сонымен қатар, жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желілерде жарияланған ер адамның кешірім сұрап түсірген видеосына қатысты пікір берді. Олар ит агрессив болған деген оның сөзін жоққа шығарады.

"Барлығыңыз видеоны көрдіңіздер ғой. Екі ит те қарсылық көрсетпеген және өздерін қорғай алмаған", - дейді олар.

Еріктілер заң бойынша итке қорлық көрсеткен тұрғынға ең ауыр жаза 30 тәулікке түрмеге қамау екенін анықтаған. Оны олар заңгерлерден сұрап біліпті.
 
"Бұл итті азаптаудың алғашқы дерегі емес. Еліміз бойынша қаншама жануарлар аяусыз азапталып, өлтіріледі. Мұның бәрі жаза жоқтығынан туындайды. Мұндай қоғамда осындай адамдармен қалай өмір сүруге болады? Олар жануарларды өлтіріп, азаптайды. Кейін олар балаларға және басқа адамдарға да зиянын тигізеді", - дейді жануарларды қорғаушылар.

Олар Қазақстан Президентіне жануарларды қорғау туралы жаңа заң қабылдану мәселесін көтеруге ниетті.

"Біз, Қазақстан жануарларын қорғаушылар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат дайындаймыз. Жануарларды қорғау туралы заңды қабылдауды сұраймыз. Ол дайын", - дейді олар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная