ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2020 | 09:34
Жануарларға қатыгездік көрсеткендерге 5,8 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін
Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша жаза күшейтілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша жаза күшейтілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Енді жануарларға қатыгездік көрсеткендерге 5,8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасына қандай өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтты.
Министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева заң жобасы Мәжіліске қайтарылғанын атап өтті. Құжатты 2020 жылы ведомство қоғам, депутаттар мен зоотехниктердің пікірін ескере отырып әзірлеген еді.
"Министрлік мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып заң жобасына Үкімет қорытындысын дайындады. 25 желтоқсанда құжат Мәжіліске жіберілді. Үкімет қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдар заңдағы жекелеген нормаларды қолдамаған. Себебі, олар қолданыстағы заңнамалық актілерде болған", - дейді Ибраева.
Оның айтуынша, қоғамның пікірін ескере отырып, Мәжіліс заң жобасын пысықтауы керек. Оның ішінде, ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату мәселесі де бар. Мысалы, қоғам белсенділері осы бап бойынша айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтқысы келеді, бұл қазіргі уақытта 5 556 000 теңге. Бірақ 2021 жылдан бастап АЕК-ті 2917 теңгеге дейін арттырумен бірге айыппұл 5 834 000 теңге болады.
"Заң жобасында жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша жазаны күшейту және айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін көбейту немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылып отыр. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 408-бабы бойынша малды жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды 20 АЕК-ке дейін көбейту (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58 340 теңге) көзделіп отыр", - дейді баспасөз хатшысы.
Ибраева заң жобасында бірқатар басқа ұсыныс бар екенін атап өтті: жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттауға тыйым салу, оларды коммерциялық мақсатта пайдалануға қойылатын талаптарды күшейту.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также