11 қыркүйек 2020 | 20:03

Жанұядағы әкімшілік менеджмент. Қағидалар қалай жұмыс істейді?

i-balaqai жобасында ресейлік Nutricia, Danone Ресей сату жөніндегі директоры Валерия Гусарова әкімшілік басқару қағидасын отбасында немесе күнделікті өмірде қалай тиімді қолдануға болатынын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасында ресейлік Nutricia, Danone Ресей сату жөніндегі директоры Валерия Гусарова әкімшілік басқару қағидасын отбасында немесе күнделікті өмірде қалай тиімді қолдануға болатынын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді. Эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбіде шығады.

Реклама
Реклама

Валерия Гусарова кез келген адам үшін менеджмент бойынша кітаптар оқу пайдалы екенін айтады, себебі ол жердегі қағидалар да бірдей.

Табыстау қағидасы

"Жұмыста істейтінімізді үйде де қолдануға болады. Табыстау қағидасы жұмыс істейді", - дейді маман. 

Кез келген процесті қолға алардан бұрын өзіңізге келесі сұрақтарды қойсаңыз болады: Мұны менің орныма істей алатын адам бар ма? Үйде мұны менен артық істейтін адам бар ма?

Менеджменттің екінші табыстау қағидасы - нәтиженің көрінісін анықтау. 

"Мінсіз нәтиже қандай болуы керек? Егер сіз алдын ала не күтетініңізді, не болғанын қалайтыныңызды айтсаңыз, неліктен ол маңызды және сол жақыныңызға, жарыңызға немесе ата-анаңызға, кейде тіпті балаларыңызға сенім артатыныңызды айтсаңыз, содан кейін көңіл-күйіңіз түспейтін болады", - дейді маман. 

Кішкентай қадам қағидасы

Көбіміз үйде жөндеу жұмысын жасап немесе заттардың орнын ауыстырып қойғымыз келеді, бірақ оның масштабы үлкен болып көрінетіндіктен, көп жағдайда оны кейінге қалдырып жатамыз. 

"Бірақ іс жүзінде оны қолға алып, бастау маңызды. Үйдегі тіршілік кезінде мен ең алдымен өзіме қоятын сұрақтарға басшылық жасаймын, мен оларды басқаға табыстамаймын. Ол мен жақсы көретін істер. Егер мен тек отбасыма уәде бергендіктен істейтін емес, оны шын мәнінде мен жақсы көретін нәрсе болса", - дейді спикер. 

Таңертең "бақа жеу" қағидасы

Оны істеу қиынға соғатын істе қолданған дұрыс. 

"Бақа - біздің жақсы көрмейтін ісіміз және ол тапсырмалардан біртіндеп құтылған дұрыс. Яғни егер біз күні бойы өзімізге ұнамайтын іспен айналыссақ, кешке қарай өзімізді мүлде жаман сезінуіміз мүмкін. Өзіңізді үнемі бір нәрсемен айналысуға мәжбүрлеуге болмайды", -  

Қашу және ұмтылу мотивациясы

"Қашу мотивациясы кезінде балалармен қалай сөйлесеміз? Біз: "Егер сен мынаны жасамасаң, қолыңнан ештеңе келмейді, сен ең ақымақ бала боласың" дейміз. Мысалдар көп. Кейде оны байқамай істеп жатамыз. Біз балада егер ол бір нәрсені істемесе өмірі күрт өзгеретіндей қорқыныш сезімін қалыптастырамыз", - дейді Валерия Гусарова. 

Оның айтуынша, ұмтылу мотивациясымен жұмыс істеген дұрыс. Баланың ынтасын қалай ашу керегін ойластыру қиынырақ. 

"Бұл өсіп келе жатқан, бірақ бала күнінде көп қиындық көрмеген ұрпаққа көмегін тигізеді. Оларда қорқыныш жоқ. Бірақ ұмтылыс болуы мүмкін", - дейді ол. 

Ұжымдық рух

"Әрекет етудің жақсы және күшті құралы, себебі олар сіздің құндылықтар базаңызға сүйенеді".

Ата-аналар көбіне үйде отбасы мүшелерін қандай құндылықтар біріктіретінін айтпайды. Валерия Гусарова қызметкерлер неліктен әртүрлі екенін, бірақ бірге екенін түсіндіретін тәжірибені қолданып көруді ұсынды. 

Көпміндеттілік

Маманның сөзінше, көпміндеттілік - біздің қоғамның соры. 

"Ең қорқыныштысы - балалар сияқты қарау, отбасындағы адамдар тапсырмалар арасында тез ауысып, бір нәрсені жасай бастауы. Шын мәнінде, адам көпміндетті бола алмайды, басқа нәрсеге тез кірісе алады. Бірақ ол үшін көп күш кетеді. Егер үйде ондай мысалдар көп болса, бала да басқа нәрсеге тез ауысады. Бұл үлкен мәселе, ол бір мәселемен мұқият әрі ұқыппен айналысу қабілетін жоғалтады", - дейді спикер. 

Адам мұнымен бір мезетте бірнеше істі жасай алмайтынын түсінген кезде күресе алады. Сондай-ақ, бір әрекетті орындау үшін нақты уақыт аймағын бөлу қажет.

"Бізге тайм-менеджмент - бәрін істеп үлгеретін нәрсе секілді көрінеді. Бірақ осылайша біз күшімізді, энергиямызды жұмсап, жұмысымыз нәтижесіз болады. Кейде жылдам болу үшін баяулатып, тоқтау керек", - дейді ол. 

Помодор техникасы

Помодор техникасына сәйкес, тапсырмаларды орындау барысында үзіліс жасап тұрған дұрыс. 

"Ұлғайтылған түрде жұмыста немесе кейде жеке өмірде спринт деп аталады. Әлем жеделдей бастайды, бұрын екі сағат отырып, кітап оқуға болатын еді, ал қазір біз сегменттермен жұмыс жасаймыз, сегментпен ойлаймыз - 15 минут. Ең бастысы - үйдегі бала сізге қарап, сізден үлгі алады: "Қазір біз осы іспен айналысамыз және біз оны тастап, аттап өтпейміз" дейміз. Біз тек 15 минутқа назарымызды аударамыз", - дейді Валерий Гусарова.

Видео-сұхбатты Tengri TV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloudAnchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная