03 ақпан 2014 14:38

Жапондар USB тетігі бар бетперде ойлап шығарды

Фото ixbt.com сайтынан

Жапондар аллергиясы бар адамдарға арналған инновациялық бетперде ойлап шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz iXBT басылымына сілтемемен. USB Pollen Mask аталатын ерекше құрылғыны Thanko фирмасы жасап шығарған. USB-ге қосылатын инновациялық бетперде науқасты шаң-тозаң мен ауадағы аллергия туғызатын басқа да бөлшектерден қорғайды. Ол ауа өткізбейтіндіктен, ішіне желдеткіш орнатылған. Күнқағарға бекітілген USB сол желдеткіш үшін қажет. USB ауамен бірге енетін қатты бөлшектер туралы мәліметті жинайды. Сол мәліметтерге қарап, 1-3 айда жиналған қажетсіз бөлшектерді тазартып отыру қажет. Бетперденің салмағы - 194 грамм. Құны - 39 доллар. Бір кемшілігі - құрылғыға автономды қуат көзі қарастырылмаған. Бұған дейін Thanko компаниясы USB-і бар уқалаушы шлем мен орындыққа арналған желдеткіші бар жастық жасап шығарған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram