Жапонияда қазақтар қоғамдастығы құрылды

Жапония. Фото: Pixabay.com

Жапониядағы қазақтар өз қоғамдастығын құрды. Құрылтай жиналысы Қазақстан елшілігінде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Жапониядағы қазақтар өз қоғамдастығын құрды. Құрылтай жиналысы Қазақстан елшілігінде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан елшілігінің мәліметінше, бүгінде Жапонияда тұрақты негізде 191 қазақстандық және Қытай, Моңғолия және Өзбекстаннан келген 70-ке жуық этникалық қазақ тұрады.

Қазақтар қауымдастығының басшысы болып Juntendo университетінің клиникасында хирург болып жұмыс істейтін Әбдібек Қалыбек тағайындалды. Ол бірлестіктің өзара іс-қимылын жолға қою, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру және Қазақстан-жапон ынтымақтастығын ақпараттық қолдау қызметі туралы таныстырды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі 2018 жылдан бастап Жапонияда қазақстандық студенттердің қоғамдастығы барын хабарлады, оның мақсаты - тұрмысқа, оқу процесіне және әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуге көмектесу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама