09 шілде 2022 | 09:15

Жапонияның бұрынғы премьер-министрін өлтірген күдікті әрекетін түсіндірді

© asahi.com

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтіргені үшін ұсталған 41 жастағы Тэцуя Ямагами тергеушілерге әрекетінің себебін айтты. Бұл туралы NHK телеарнасына белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтіргені үшін ұсталған 41 жастағы Тэцуя Ямагами тергеушілерге әрекетінің себебін айтты. Бұл туралы NHK телеарнасына белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.

Күдіктінің айтуынша, ол Ямагами кесірінен отбасы елеулі қаржылық қиындықтарға тап болған белгілі бір "адамдар тобына" жатады. Хабарламада анасы осы топқа үлкен қайырымдылық жасап, содан отбасының бүкіл өмірі бүлінгені айтылады.

Қандай "адамдар тобы" туралы айтылатыны нақтыланбайды. Істі тергеуші Нара полиция префектурасы да бұл туралы түсінік беруден бас тартты.

Реклама
Реклама

Жапониялық "Асахи Симбун" газетінің мәліметінше, Ямагами жауап алу кезінде "Абэге саяси дұшпандық" болмағанын айтады.

Басылым өлімге дейін түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда күдікті Абэнің артында шамамен 5-10 метр қашықтықта тұрғаны көрінеді.

Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл 8 шілдеде жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды. Кейін Синдзо Абэнің қайтыс болғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная