Жаркент әкімі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды

viewings icon
866
comments icon
0
24.kz видеосынан алынған кадр 24.kz видеосынан алынған кадр

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдады.

"Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 5 мамырдағы жауабына сәйкес, Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 70-ө өкімімен Б.Ш. Омаров бұзушылықтар үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылғаны анықталды", - деп хабарлады ҚР МҚІА баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Жаркент әкімінің жүргізушілермен кездесуі Желі қолданушыларын ашуландырған еді. Оқиға 22 сәуірде болған.

Кейін Болат Омаровтың 24.kz журналисіне берген сұхбаты жарияланды. "Әкімдер" бағдарламасының тілшісі Асхат Ниязов шенеунікке сағаты жақсы екенін айтады. Оған әкім ашуланып "Қайдан білесің жақсы екенін, қарап көр" деп шешіп береді. Тілші сағаттан "Giorgio Armani" деген жазуды оқиды. Омаров тілшіден жұмысқа қатысты сұрақ қоюын сұрайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная