18 шілде 2019 | 09:36

Жарты жылда қанша шенеунік қатаң сөгіс алды

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2019 жылдың 6 айында 142 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2019 жылдың 6 айында 142 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында 142 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 23 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылып, 2 - қызметінен төмендетіліп, 46 - қызметтік тәртіпке сәйкессіздік туралы ескерту, 22 - қатаң сөгіс, 23 - сөгіс және 26 мемлекеттік қызметкер ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп редакция сауалхатына жауап берді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері.

Реклама
Реклама

Айте кетейік, 2018 жылы тәртіптік жауапкершілікке 361 мемлекеттік қызметкер тартылған. Оның ішінде, 29 - қызметінен босатылды, 4 - қызметінен төмендетілді, 150 - қызметтік тәртіпке сәйкес келмеу туралы ескерту, 56 - қатаң сөгіс, 70 - сөгіс және 52 қызметкерге ескерту жарияланған. 

"Тәртіптік жауапкершілікке тарту көбінесе этикалық нормаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылықды, оның ішінде жеке тұлғаларды және (немесе) заңды тұлғалар үшін жаза тағайындалды", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыс қаласында болған оқиға үшін қатаң сөгіс жариялаған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная