17 маусым 2022 | 12:22

Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр - Қошанов

Фото:elements.envato.com

Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында бес жыл ішінде қалалар мен ауылдардың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды. Бірақ әзірше 1543 ауыл немесе 544 мың адам таза сумен қамтамасыз етілмеген. Демек, бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейту қажет", - деді Ерлан Қошанов.

Ол сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанда суды тұтыну 2040 жылға қарай 46 пайызға артатынын, ал су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше километрге дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті. Қошановтың айтуынша, оған әсер ететін факторлар жеткілікті. Бұған халық санының артуы, экономикалық даму және басқа да себептер ықпал етеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная