08 мамыр 2019 | 14:42

Жарты мыңнан аса әйел "Iскер ана" жобасына қызығушылық танытты

Атырау облысында өңірлік"Іскер ана" жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Көпбалалы, жалғызбасты және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға, аз қамтылған отбасылар әйелдеріне арналған қысқа мерзімді жаңа мамандық алу курстары үлкен сұранысқа ие, -деп xабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында өңірлік"Іскер ана" жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Көпбалалы, жалғызбасты және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға, аз қамтылған отбасылар әйелдеріне арналған қысқа мерзімді жаңа мамандық алу курстары үлкен сұранысқа ие, -деп xабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

"Азаматтық орталық" жүзеге асырып жатқан жоба аясында бүгінде оқу курстарына 519 адам өтініш білдірген.
Жобаны жүзеге асыру барысында оқу курстарынан өткен 100 адам жаңа мамандыққа ие болып, сертификат алды. 108 әйел оқуларын жалғастыруда.

Реклама
Реклама

Курстарға қатысушыларға 10 мамандық түрі таңдауға берілген: тігінші, аспаз, сулылық салонының шебері( маникюр, бет әрлеуші), шаштараз, есепші, массажист, ағылшын тілі курсы, өндірістік іс, сатушы. Жобаның мақсаты- мамандығы мен жұмысы жоқ әйелдердің өзін өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізу.

Курстар аяқталған соң ең үздік бітірушілер жеке бизнес ашу үшін жабдықтар ала алады. Ол үшін npoatyrau.kz сайтына кіріп, өтінімді тапсыру қажет. Бүгінгі күні 46 адам осындай жабдықтарға ие болды (макияж жиынтықтары, тігін машиналары, массаждық киімдер, шаштараз құрылғылары және т.б.).

Сонымен қатар, қатысушылар психологиялық тренингтен өтеді, өз бизнесінің болашағын насихаттауды үйренеді, әлеуметтік желілерде өзара әрекеттесудің негіздерімен танысады.

"Бұл аналарға жаңа мамандықтар берумен қатар, оларға отбасының және жас ұрпақтың болашағына деген сенім сыйлайды", - дейді жобаның қатысушылары.

Айта кетейік, бұл жоба Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуіндегі тапсырмасынан бастау алды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная