ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2019 | 18:03
Жарылыстан бір қолынан айырылған сарбазға 6 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін
Маңғыстауда полигонда зардап шеккен әскеридің әпкесі Раушан Жабатова өз тұжырымы бойынша оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 17 шілдеде Бейнеуде болған. Онда сарбаз Сергей Кошелев жаттығу кезінде граната жарылысынан зардап шеккен. Енді сарбаз жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстауда полигонда зардап шеккен әскеридің әпкесі Раушан Жабатова өз тұжырымы бойынша оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 17 шілдеде Бейнеуде болған. Онда сарбаз Сергей Кошелев жаттығу кезінде граната жарылысынан зардап шеккен. Енді сарбаз жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Раушан Жабатова қайғылы оқиға болған күнді еске алды, сол жарылыстың салдарынан оның туған інісі зардап шеккен. Әпкесінің айтуынша, Сергей Кошелев бала кезінен әскерде қызмет етуді армандаған.
"16 шілдеде оның туған күні болды. Біз оны телефон арқылы құттықтадық, ал 17 шілдеде түскі уақытта бізге хабарласып, былай деді: "Сіздің ініңіз сәл жарақат алды, алайда ол өзі кінәлі". Оқиға таңғы уақытта болған екен. Бізге тек түскі уақытта айтты. Сергей есін біледі, дәрігерді шақырып, зембілге жатқанын да біледі", - дейді Раушан Жабатова.
Әпкесі оқиғаның қалай болғанын інісінің сөзімен айтып берді.
"Біздің Сергей өте әуес адам. Ол бір сарбазға көмектесуге барған, сол жерден ол үстел үстінен пышақ, тағы бір нәрселерді және гранатаны көрген. Онда гранатаның ұрыс қаруы екені жазылмаған. Осы кезде оларды қатарға тұруға шақырған. Ол бұрылған бетте жарылыс болған, оның оң жақ бөлігі толықтай бүлінген...", - дейді Раушан Жабатова.
Сергей Кошелев
Оқиғадан соң полигонда сарбаз бен онымен бірге борышын өтеушіні жергілікті ауруханаға, одан соң Ақтауға алып кеткен. Онда оған ота жасалған. "Оң көзі мүлде көрмейді, оң қолын кесіп тастады, аяғына ота жасады", - дейді Раушан.
Әпкесі мен Сергей Кошелевтің анасы ауруханаға келген, сосын оны басқа ауруханаларға ауыстырған уақытта бірге болған.
"Біз Астанада болған кезімізде әскери қызметкерлерге бізде еш қарсылығымыз жоғын және олардың барлық жағдайды дұрыстауын өтіндік. Сергейді қалпына келтіріңіздер. Олар болса "Иә, әрине" деп жауап берді", - дейді Раушан.
Кейіннен граната жарылысы дерегі бойынша 462-баптың 1-бөлігі ("Қару-жарақпен, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін заттар мен заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу") және 453-баптың 2-бөлігі ("Қызметке немқұрайлы қарау") бойынша қылмыстық іс өндіріске алынғаны белгілі болды. Сергей Кошелев екі жылға шартты түрде сотталуы мүмкін, сондай-ақ әскери бөлімге залал келтіргені үшін одан өтемақы өндіру көзделген екен. Ол 6 108 702 теңгеге бағаланыпты.
"Біз тергеу шараларына араласпадық, бізге бұл іспен тергеуші айналысатынын айтты. Қазір оған екі жыл шартты түрде беріліп, мүлікке келтірілген шығын үшін алты миллион 108 мың теңге айыппұл салынатыны белгілі болады", - дейді Раушан Жабатова.
Сергей Кошелев оң қолынан айырылған.
Отбасы тергеу нәтижелерімен келіспейді. "17 қазанда сот болады. Тергеуші адвокат іздеу керектігін айтты. Сол себепті адвокат іздей бастадық. Қайдағы 6 миллион, қайдағы 2 жыл шартты түрде соттау? Бұл деген өмір бойына қалады емес пе?", - дейді Сергейді әпкесі.
Tengrinews.kz редакциясы тергеушіге хабарласып, осы іске қатысты пікір білдіруін сұраған еді, алайда ол тергеу құпиялығына байланысты оқиғаның мән-жайын айтудан бас тартты.
Показать комментарии
Читайте также