ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2019 | 11:06
Жас шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстанға оралады
Қазақстандық шахматшы, FIDE шебері Бибісара Асаубаева Қазақстанға оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық шахматшы, FIDE шебері Бибісара Асаубаева Қазақстанға оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.
7 ақпанда Федерация президентіне спортшы менеджері КФШ-ға қайтару туралы өтініш білдірген. Ресей шахмат федерациясы көшуге өз келісімін берді. Ал Қазақстан шахмат федерациясы елге қайтқанын растайтын өтініш пен қажетті құжаттарды жіберді.
"Халықаралық шахмат федерациясы жақын арада шешімді қабылдайды деп үміттенеміз", - деді КФШ атқарушы директоры Ирина Грищенко.
Еске салсақ, екі жыл бұрын жас шахматшының менеджері мен анасы Лиана Таңжарықова оны Мәскеу облысының шахмат федерациясына ауысуы туралы шешім қабылдаған.
Показать комментарии
Читайте также