25 қазан 2020 | 18:00

Той жасаған мейрамханалар мен дәмханаларға айыппұл салынып жатыр

Алматының мониторингтік топтары мегаполис аумағында шектеу шараларының сақталуын бақылауды күшейтуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының мониторингтік топтары мегаполис аумағында шектеу шараларының сақталуын бақылауды күшейтуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қазанда шектеу шараларын сақтау бойынша 59 тексеру іс-шарасы өткізілді. Ереже бұзған 11 нысан анықталды, оларға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал қайталанған жағдайда нысандар қызметін сотпен тоқтата тұру мәселесі қаралады.

Реклама
Реклама

Мысалы, Алатау ауданында қоғамдық тамақтану нысандары анықталды. Олар үйлену тойлары мен адамдар көп жиналатын банкеттер өткізген:
- AINABAI HALL мейрамханасында 50 адамға құдалық болған;
- "Томирис" мейрамханасында 40 адамға той өткізілген;
- "Бодрум" мейрамханасында 70 адамға арналған үйлену тойы өтті;
- "Зере" дүкенінде санитайзерлер болмады, сатушы маскасынсыз отырды;
- Happy event дүкенінде жұмыс орнында сатушыларда қорғаныс маскасы болмады, дезинфекциялық кілемшелер мен санитайзерлер жоқ;
- "Алтын Ару" тәттілер дүкенінде сатушы жұмыс орнында қорғаныс маскасыз және қолғапсыз болды, дезинфекциялық кілемшелер мен санитайзерлер болмады, журналға деректерді енгізе отырып, қызметкерлерді термометриялау жүргізілмеген;
- "Агибаева" азық-түлік дүкенінде келушілерге арналған санитайзерлер болмады.

Наурызбай ауданының салтанат залында 100 адамға арналған той өткізілді.

Алмалы ауданында жұмыс режимін бұзған нысандар анықталды (сағат 23.00-ден кейін істеу, кальян сату). Олардың қызметіне тыйым салынды:
- "Мята" лаунж-бары сағат 23.00-ден кейін жұмыс істеген, келушілерге кальян сатқан;
- "Гранд опера" караокесінің қызметіне уақытша тыйым салынды;
- Finik кафесі сағат 23.00-ден кейін жұмыс істеген, келушілерге кальян сатылған.

Жергілікті полиция қызметі мен мемлекеттік-құқықтық бөлім құрамындағы мониторингтік топтар карантин шараларын, әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу режимін, сондай-ақ рұқсат етілген сауда объектілерінің жұмыс режимін сақтау бойынша қала тұрғындарына ақпараттық хабарландыру жүргізетінін атап өткен жөн. Ақпараттық құлақтандыру магистраль көшелер, аулалар және қала тұрғындарының көпшілік демалатын орындарында жүргізіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная