13 наурыз 2023 15:46

Жасөспірімдер өтіп бара жатқан көліктерге көпірден тас лақтырды: желіде видео тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматының Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

"Қайырлы күн! Бүгін Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды. Бұл бірінші рет емес, неге ұсталмайды?" – делінген видеоның сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Полицейлер жасөспірімдердің тас лақтырғанын айтты.

Медеу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, бұл факт бойынша "Газель" көлігінің жүргізушісінен арыз түскен.

"Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп тасты тәркіледі. Жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша іс қозғалды. Іс-әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Олар міндетті түрде заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram