17 ақпан 2023 | 12:43

Жастар интернетсіз ауылда тұрмайды - әкім

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары, қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауылдағы ең үлкен мәселелердің бірі интернет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары, қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауылдағы ең үлкен мәселелердің бірі интернет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім Сенатта тұрғындардың ауылда қалуы үшін интернетпен толық қамтамасыз етілуі керектігін айтты.

"Ауылда халық қалсын десек, интернетті толық енгізуіміз керек. Жастардың интернетсіз ауылда тұрмайтыны белгілі. Неге? Өйткені бұл заман мен уақыт талабы. Сондықтан министр Бағдат Мусинмен маңызды шешімдер қабылданды, біз бірлесіп интернетпен 99 пайызға дейін қамтылатын жобаны дайындадық", - деді Ералы Тоғжанов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная