ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2022 | 11:43
"Жасыл даму" басшысы Жанат Самат қызметінен кетті
Қазақстандағы утильалым операторы - "Жасыл Даму" АҚ басшысы Жанат Самат қызметінен кетті. Ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директоры Олжас Беркінбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандағы утильалым операторы - "Жасыл Даму" АҚ басшысы Жанат Самат қызметінен кетті. Ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директоры Олжас Беркінбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кешеден бері басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жанат Саматқызы "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті", - деді Беркінбаев.
Жанат Самат 2022 жылы ақпанда "Жасыл Даму" басшысы болып тағайындалған болатын.
Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді талдау және мониторинг бөлімінің бас салық инспекторы ретінде бастады. Әр жылдары өңірдің салық комитетінде келіспеушіліктер мен консультация бөлімінің, жеке тұлғалар аудиті бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушылар аудиті бөлімінің бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.
2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін "Каспий "ӘКК "ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда қаласында "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.
Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр. Ол - экономика ғылымдарының кандидаты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также