ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2022 | 15:23
"Жасыл даму". Кәдеге жарату төлемі бойынша жаңа оператор туралы не белгілі?
"ӨКМ Операторы" кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерден айырылды. Енді онымен "Жасыл даму" компаниясы айналысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ӨКМ Операторы" кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерден айырылды. Енді онымен "Жасыл даму" компаниясы айналысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, "Жасыл даму" акционерлік қоғамының сайты бар. Алайда сайтқа рұқсат етілмеген пайдаланушылар кіре алмайды.
Сайттағы ақпаратқа сәйкес, компания Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне тиесілі.
"Жасыл даму" АҚ негізгі миссиясы - қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту бойынша жағдай жасау. Компания мақсаттары:
- басқару жүйесін әзірлеу және қалдықтың барлық түрін басқару және кәдеге жарату жөніндегі тікелей жұмыс;
- Қазақстанда парник газдар шығындысын реттеу мен саудалау жүйесін құру және бірқалыпты жұмыс істеу арқылы парник газдар шығарындысын азайту.
Компания сайты мен "есеп" контрагентін тексеру сервисі мәліметі бойынша, АҚ бас директоры Азамат Әлімбаев. Ол директорлар кеңесі құрамына кіреді:
- экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов;
- Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасы басшысы Амангелді Тойбаев;
- KazWaste қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина.
Рk.uchet.kz деректеріне сәйкес, компания 2013 жылдың 29 наурызында шағын кәсіпорын ретінде тіркелген, бірақ 2002 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысады.
Ең көп салық аударымдары 2016 және 2021 жылдары тіркелген, осы жылдары компания 59 миллион теңгеден салық төлеген. Салық белсенділігі 2012 жылы төмен болған, акционерлік қоғам ретінде тіркеу алдында бір жыл ішінде барлығы 30 756 теңге салық төлеген.
Қазіргі уақытта компанияның салық бойынша берешегі бар, алайда ол - 4 609 теңге. Жыл басынан бері компания 10,3 миллион теңге салық төлеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также