ПОДЕЛИТЬСЯ
28 тамыз 2021 | 15:22
"Жасыл" статусы жоқ астаналықтар демалыста қайда кіре алады?
"Жасыл" статусы жоқ астаналықтарға демалыс күндері қайда кіруге рұқсат етілетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Жасыл" статусы жоқ астаналықтарға демалыс күндері қайда кіруге рұқсат етілетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұны Нұр-Сұлтан қаласы бас санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева әкімдік брифингінде айтты.
"Жасыл" статусы болуы керек деген талаптар облысаралық, облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілері: университеттерге, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларға, білім беру ұйымдарына қолданылмайды", - деді Пірәлиева.
Еске салайық, Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулы шығарып, Ashyq жобасы бойынша нысандарға демалыста жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын. Бірақ нысанның қызметкерлерінде де, келушілерде де Ashyq-тың "жасыл" статусы болуы керек.
Айта кетейік, "жасыл" статус коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға, кейінгі 7 күнде ПТР-тест тапсырғандарға, сондай-ақ, кейінгі үш айда коронавирус жұқтырып, айыққандарға беріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также