13 желтоқсан 2020 | 19:00

Жат елде патриот бола бастайсың. ER-BATYR жобасында Мади Сыпатаев

ER-BATYR жобасында танымал дизайнер және Marino Madi сауда маркасының негізін қалаушы Мади Сыпатаев. Ол жүргізуші Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында шығыс менталитеті мен батыс ортасын араластырса не болатынын, басқалардың оның Қазақстаннан шыққанын білуі неліктен маңызды екенін және әкесінің үлгі-өнегесі туралы айтып берді. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ER-BATYR жобасында танымал дизайнер және Marino Madi сауда маркасының негізін қалаушы Мади Сыпатаев. Ол жүргізуші Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында шығыс менталитеті мен батыс ортасын араластырса не болатынын, басқалардың оның Қазақстаннан шыққанын білуі неліктен маңызды екенін және әкесінің үлгі-өнегесі туралы айтып берді. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар. 

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер: "Жетінші арна" мен "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Реклама
Реклама

Мади Сыпатаев - дизайнер және Marino Madi брендінің негізін қалаушы, оның теңіз стиліндегі киімдерін Еуропада және Францияда сатылады. Туған жері - Алматы. Математиктердің отбасында дүниеге келген. Университет бітіргеннен кейін банк саласында жұмыс істеуді жоспарлаған. Ол жергілікті құрылыс компаниясында жұмыс істеп бастап, менеджерден бас директордың орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Артынша кәсіп бастауға бел байлаған. Marino Madi сауда маркасын 2015 жылы тіркеген. 

Мади Сыпатаев басқалардың оның Қазақстаннан шыққанын білуі неліктен маңызды екенін айтты. 

"Бір жағынан ол тек патриоттыө сезім болар, екінші жағынан, менде мынандай түсінік бар: қай елде тудың, сол жерге пайдаң жарасын. Яғни енің отбасың, шыққан тегің, елің мен ұлтың туралы бәрі білуі үшін бірнәрсе жасау керек. Жат елде өмір сүрген кезде патриотизм геометриялық прогрессия бойынша дами түседі. Бәлкім ол сезім өзімізді жалғыз сезінетіндіктен туатын шығар. Әсіресе мен өмір сүрген Францияның шығысында. Парижде өзімді өте қатты жалғыщ сезінбеген шығармын, себебі ол жерге қазақ диаспорасы өте көп. Адамдармен аз араласу, диаспораға кірмеуің қиынырақ шығар. Бірақ диаспора құрамында болса да патриоттық сезімі жоғары адамдар барын естігенмін. Оның нақты себебін айта алмаймын. Бірақ жат елде патриоттық сезімің қаттырақ болады", - дейді ол.  

Дизайнердің сөзінше, шығыс менталитеті мен батыс ортасын араластырса мінсіз гармония қалыптасады. 

"Қазақстанда отбасының, туыстардың және қоғамның әсері қатты, ал Батыста ондай жоқ. Оның артықшылымен қатар кемшілігі де бар. Бірақ артық тұстары туралы айтар болсақ, Батыс елдерінде ата-аналар балаларының санасына бала күннен бастап араласпайды, ол бағыт көрсетіп, үйретуге тырысады. Қазақстанда ғана емес, барлық посткеңес елінде ер адам жұмыс істеп, ақша табуы керек, ал бала тәрбиесіне белсенді қатыспаса да болады деген стереотип қалыптасқан. Барлығында емес, бірақ көбінде сондай тенденция бар. Ал Батыста басқаша, ол жерде бір шеті фенминизм, әйелдердің дамуына мүмкіндік жасалса, енді бірі оны эгоизм деп айтуы мүмкін. Нәтижесінде, меніңше, біздің шығыс менталитеті мен батыс ортасын араластырса мінсіз армония мен жақсы баланс сақталады", - дейді дизайнер. 

Сондай-ақ Мади Сыпатаев әкесі басты екі нәрсені - патриот және тәуелсіз болуды үйреткенін айтады. 

"Менің ата-анам 1975 жылы үйленген және әлі күнге дейін бірге. Біз осындай қарым-қатынастан үлгі алдық. Әкем көп нәрсені үйретті, бірақ соның ішінде - Қазақстанның патриоты болуды үйретті. Біздің үйімізде қазақша сөйлесу маңызды. Сонымен қатар, әкем тәуелсіз болуды үйретті. Ол үнемі идеяң, мақсатың ешкімге тәуелді болмауын, егер сенің ойыңа сәйкес келмесе, ешқашан біреудің еркіне бағынбауды үйретті", - дейді ол. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная