19 маусым 2023 17:20

"Жауапкершілігімнен қашпаймын" - министр Сүлейменова Абай облысындағы өрт туралы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс кулуарында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы жағдай үшін жеке жауапкершілік туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс кулуарында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы жағдай үшін жеке жауапкершілік туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің ойыңызша, болған оқиғаға сіздің жеке жауапкершілігіңіз қандай? Өзіңіздің пікіріңіз", - деп сұрады журналист Сүлейменовадан.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, бұл менің жетекшілік ететін блок және менің жетекшілік ететін министрлігім. Менің департаментімнің құрамына кіретін кез келген блок үшін қандай да бір жолмен басшы ретінде жауап беремін. Мен өз жауапкершілігімнен қашпаймын. Айтқанымдай, біз тергеушілермен ынтымақтастық орнататын боламыз", - деп жауап берді министр.

Осыған дейін Абай облысындағы өртке қатысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтерден жауап алынуы мүмкін екені белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram