10 наурыз 2019 13:25

Жауын-шашын, боран, жел. 10 наурызға арналған ауарайы болжамы

Дина Муратова Редактор
© фото: pixabay.com

10 наурызда Қазақстанның көптеген аймағында тұрақсыз ауа райы күтіп тұр. Кейбір өңірлерде жауын-шашын, оңтүстік және оңтүстік шығыста жаңбырлы болады. Өңірлерде тұман, көк тайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте және солтүстік-батыста боран күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда және Қостанай облысынның кей жерлерінде тұман, көк тайғақ, бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге күшеюі болжанып жатыр. Солтүстік Қазақстанда желдің екпіні секундына 23-28 метр болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көк тайғақ, таңғы уақытта боран және желдің күші секундына 15-20 метр күшейеді деп болжанады.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өкіледерінің мәліметінше, 13 наурызға дейін қардың қарқынды еруі мен қар суының ағуы, мұздың еруі және өзендегі судың деңгейі көтеріледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күші секундына 15-20 метр болуы мүмкін. Күндіз Атырау облысында синоптиктердің айтуынша, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан, Түркістан облысында түнде, Алматы облысында таңғы және түнгі уақытта тұман күтіледі. 10-13 наурызда Шығыс Қазақстанда мұздың қарқынды еруі мен қар суының ағуы және өзендегі сулардың деңгейі көтерілуі мүмкін.

Синоптиктер наурыз айында ауа-райы құбылмалы болатындығын мәлімдеді. 8 наурыздан кейін жылы болғанымен, айдың ортасына қарай ауа райы суып, күрт өзгеруі мүмкін.   

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram