ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2022 | 10:23
Жауын-шашын, бұрқасын. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 1-3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 1-3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон әсер етіп ылғалды ауа райы сақталады. Яғни, жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.
1 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 2-3 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.
"Республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында жел күшейіп, бұрқасын болады. 1 қарашада елдің басым бөлігінде 10-22 градус жылы болады, одан кейін 2 қарашада 5-13 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также