Казгидромет мәліметінше, жылдың соңғы күні елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Елдің орталық өңірлерінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде жауады. Республика бойынша көктайғақ, тұман және екпінді жел болжанып отыр., - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Астана мен орталық өңірлерде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде аязды, күндіз 0 градус маңында болады.
Алматы, Шымкент және оңтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде жылырақ. Кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +6…+13 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде қар, боран, тұман мен көктайғақ жиі байқалады. Кей өңірлерде қатты жел соғып, ауа температурасы түнде -15…-25 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер жолға шығатын азаматтарды ауа райын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!