Жауын-шашынсыз: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағында жоғары қысым аймағының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанған.

"Елдің басым бөлігінде түнде ауа температурасының біртіндеп 12-23 градусқа дейін, күндіз 5-13 градус аязға дейін жоғарылауы күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады, ал Батыс Қазақстанда түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяздан 2 градус жылыға дейін ауытқиды", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама