"Жауыздық". Бас прокурор Ақтөбеде азап көріп жүрген балалар оқиғасына қатысты пікір білдірді

Бас прокурор: Берік Асылов

Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбенің әлеуметтік орталығында церебралды сал ауруы мен Даун синдромы бар балалардың азапталу оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбенің әлеуметтік орталығында церебралды сал ауруы мен Даун синдромы бар балалардың азапталу оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ерекше балаларға күш қолдану - жауыздық. Ақтөбе Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі қызметкерлерінің балаларды азаптау дерегі бойынша ең қатаң шаралар қабылданады. Қылмыстық Кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу басталды, тергеу барысы бақылауға алынды", - деді Асылов Twitter-де.

Бас прокурор осындай басқа мекемелерді де тексеруді тапсырды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ақтөбе облысының прокуратурасы "№ 1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерін мекеме қызметкерлері азаптағанын мәлімдеді. Прокурорлар бейнебақылау камераларын қарап, орталық қызметкерлері ақыл-есі кем, церебралды сал ауруы, Даун синдромы, Олигофренияның барлық дәрежесі бар балаларды ұрып-соғатыны және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданғанын анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама