ПОДЕЛИТЬСЯ
28 тамыз 2023 | 12:02
Жаздың соңғы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 29-31 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 29-31 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, қатты желмен жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
"Республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы төмендеп, түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 градусқа дейін, күндіз 10-18 гардусқа дейін төмендейді. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында мерзім басында жылы болады, кейін кезеңнің соңына қарай температура түнде 10-15, күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также