ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2022 | 22:16
Жазушы Торғын Жолдасбекқызы өмірден озды
Қазақстандық жазушы Торғын Жолдасбекқызы өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық жазушы Торғын Жолдасбекқызы өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазушы 18 сәуірде 37 жасқа толған еді.
"Айтпақшы, кейінгі жылда іліп алар бір дүние жазғам жоқ. Жаза алмадым. Күте тұрыңыздар, әлі де шабатын ойым бар", - деп жазған Торғын Жолдасбекқызы Facebook-парақшасындағы соңғы постында.
Торғын Жолдасбекқызы - "Араша" және "Кеш қалма" кітаптарының авторы. Жазушының жүзге жуық шағын әңгімелері түрлі басылымдарда шыққан. Жазушының соңғы шығармалары оның өмір жолындағы естеліктері мен әлеуметтік тақырыптарды қамтиды.
Торғын Жолдасбекқызы жазған әңгімелердің бірін мына сілтемеден оқи аласыздар.
Осыдан екі ай бұрын отандық арналардың бірінде жазушының соңғы сұхбаты шыққан.
Торғын Жолдасбекқызы 25 жасында дертке шалдығып, арбаға таңылған. Жазушының артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также