ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2024 | 16:51
Жедел жәрдем көлігін ұрлаған қостанайлық екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 19 қыркүйекке қараған түні Қостанайда полицейлер тұрғын үйлердің бірінің ауласынан автокөлік ұрланғаны туралы хабарламадан кейін арнайы ұстау жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті бейнебақылау камераларының көмегімен тез арада анықталып, қала орталығында ұсталды.
Қостанайдың 39 жастағы тұрғыны жеке медициналық клиникаға тиесілі көлікті ұрлап кеткен. Автокөлік медициналық қызметкерлер пациенттің шақыруына келген тұрған үйдің жанында тұрған.
"Ұстау кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрған, бірақ ол медициналық тексеруден бас тартты. Бұл үшін сот оған 15 күн қамауға алып, сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Сонымен қатар, ұсталған адамға қарсы көлік құралын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды және қазір тергеу жүріп жатыр. Заң бойынша ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді полиция өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также