ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2021 | 17:49
Жеке құрамды вакцинацияға мәжбүрлеген полицей ақталып, видео жариялады
Әлеуметтік желілерде Атырау облысы Жылыой аудандық ІІБ бастығы барлық бағынышты қызметкеріне коронавирусқа қарсы вакцинацияға келуді бұйырған жазбасы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде Атырау облысы Жылыой аудандық ІІБ бастығы барлық бағынышты қызметкеріне коронавирусқа қарсы вакцинацияға келуді бұйырған жазбасы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, вакцинацияға мәжбүрлеу заңға қайшы. Сонымен қатар полиция басшысы өз ұстанымын түсіндіретін видео жариялаған.
"Барлық жеке құрамға. Тізім бойынша бақылау жүргізіледі. Бөлімше бастықтары жұмысты ұйымдастырсын. Барлық қызметкер вакцинациялануы керек! Келіспейтіндеріңізді айтудың қажеті жоқ. Кезекшіліктен шыққандар, демалыста жүргендерге дейін вакцинациядан өтуі қажет", - делінген аудио хабарламада.
Кейін Атырау облыстық полиция департаменті аудиожазба авторының өз әрекетін түсіндірген видеосын жариялады.
"Жылыой ауданы облыста коронавирус инфекциясының таралуы бойынша бірінші тұр. Теңіз кен орнында карантин енгізілгеннен бері блокбекет қойылған. Бірінші кезекте полицейлер және дәрігерлер екпе салдырады. Сондықтан вакцинация мәселесін күттіріп қоя алмаймыз. Аудио хабарлама жазуымның себебі де осы. Бірақ мен ешкімді вакцинацияға мәжбүрлемедім. Құрметті тұрғындар, хабарлама тек жеке құрамға жолданды және қызметкерлер денсаулығын ойлау мақсатында", – дейді Атырау облысы Жылыой аудандық ІІБ бастығы Ерболат Досмағұлов.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
Жылыой ауданының аумағында теңіз мұнай кен орны бар, ол пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ең ірі ошақ. Кен орнында блокбекет қойылды. Қатаң карантин шектеулері қолданылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также