ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2023 | 08:41
Жел және 25 градус жылы: 10 наурызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанды.
Синоптиктердің мәліметінше, тек еліміздің батысы мен солтүстігі арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтетіндіктен, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
"Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғақ болжанды", - делінген хабарламада.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -11-13 градус, күндіз 0,+2 градус болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +14+16 градус болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +23+25 градус болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также