06 ақпан 2024 | 17:47

Жел және боран: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 7 ақпанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" синоптиктері 7 ақпанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Скандинавия аймақтарынан ауқымды циклон Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтиды, тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде қалың қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғып, бұрқасын болады.

Реклама
Реклама

"Ақтөбе облысында күндіз солтүстікте, Қостанай облысында күндіз оңтүстікте, шығыста, Ақмола облысында күндіз батыста, солтүстікте, шығыста, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте, батыста, Жамбыл облысында таулы аймақтарда, Түркістан облысында таңертең және күндіз таулы асуларда кей уақытта секундына 30 метр және одан да күшті жел соғады", - делінген хабарламада.

Астанада 7 ақпанда көшпелі бұл шығады, таңертең және түстен кейін жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 23-28 метр. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз - 1 градус жылы.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел секундына 2-7 метр екпінмен соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жел оңтүстік-батыс, батыс 15-20, таңертең және түстен кейін екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус жылы.

"Алдағы күндері бүкіл Қазақстан бойынша желдің секундына 30 метрге дейін күшеюі күтіледі", - деп толықтырды синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная