ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2023 | 09:18
Жел және бұршақ. Қазақстанда 13 сәуірде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" cиноптиктері 13 сәуірде республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" cиноптиктері 13 сәуірде республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с.
Маңғыстау облысының шығысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.
Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 25 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также