Жел және найзағай: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Алдағы күндері Астана мен Алматыда құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын мен бұршақ жаууы мүмкін. 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Астана мен Алматыда құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын мен бұршақ жаууы мүмкін. 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы

6 маусымда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде 1-6 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +28…+30 градус.

Реклама
Реклама

7 маусымда да құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +25…+27 градус.

8 маусым – құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +23…+25 градус.

Алматыдағы ауа райы

6 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райын болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +32…+34 градус.

7 маусым – құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.

8 маусым – құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +28…+30 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама